Облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры, режиссер Сахан Әкелеев, Бек Рамазанның «Шырмауық» атты екі перделі әлеуметтік драмасымен дайындық үстінде. Қойылымның суретшісі Данияр Алдабергенов.

Қойылымда шет елге оқуға кеткен баланың түпкілікті «Дәстүрлі ислам» дініне деген — көзқарасының өзгеруі, оның қайта дұрыс жолға түсуіне негізгі себепкер әке рөлінің маңызы.

Бүгінде сан тарауға түскен діннің аражігін айыра алмай қателескен қоғамдағы жастар мен жасамыстарға үлкен сабақ болатын — экстремизм, радикализм, терроризм бағытындағы діни ағымдардың аражігін ашып көрсете білуге дайындайтын қойылым.