Студенттік өмір ең бақытты және бейқам,қаперсіз өмір екендігі ешкімге құпия емес. Театр институтының студенттері ұзақ уақыт демалыста болып, сүйіктілерімен кездесе алмайтындарын ескеріп, қыздарды ресторанға шақырады. Бірақ қыздардың өз жоспарлары бар — олар «көріпкелдің» сеансына баруды ойластырған.

Сонымен, Дастан жігіттермен жалға үй алып, «көріпкелмен» қыздарды сол жерде кездестірмекші болды. Уақытты да көңілді өткіземіз деп ойлады...

«Көріпкел» идеясы Дастандікі болғандықтан, алдағы тағдырдың болжамын өзіне айтуға тура келді.

Егер сіздер жас болсаңыздар, қуат-күштеріңіз мол болса, би, көңіл көтергенді жақсы көрсеңіздер — бұл қойылым сіздер үшін арналған!

Режиссер  Рүстем Есдаулетов

Хореография  М. Серохвостова