Облыстық Жамбыл атындағы драма театр ұжымы, ағымдағы жылдың 14 ақпанында, Мұрат Ахмановтың «Екі дос немесе делдал қарға» атты балаларға арналған спектакльін сахналайды. Бұл қойылымға театрдың белді актері, С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға толғанда» атты спектакльін сахналап, көрермен қауымнан жоғары бағасын алған, Ертай Хасенов режиссерлік етеді.

Жан-жануарлар мен түзтағысы қасқырлардан тұратын, ақсақ-тоқсақ қақпанға түскен, соқыр және саңырауқасқырлар мен үй жануарларының арасындағы тартыс. Бірақ қандай болғанда да, бір-бірлеріне деген сенімділік, қайырымдылық қашанда бірлікке шақырады. Бастарына іс түскенде кімнің-кім екенін, шынайы досты анық ажырата білуге болатын,қазақ халық ертегілері желісімен жазылғанбалаларға арналған қойылым.